Атырау, 10 сәуір 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Атырауда Нұрсая ықшамауданындағы саябақ құрылысы әлі басталған жоқ

87 рет қаралды

Былтыр әкімдіктің ақпаратына сүйеніп, құрылыстың басталғанын хабарлап едік. Сол кезде құрылыс 2026 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланған. Құрылыстың басталмауына қандай себеп?

Қала әкімдігі баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан құрылыс-монтаж жұмыстары басталмағанын растап, қазір жобалық-сметалық құжаттаманы жасақталып жатқанын айтты.  

Құрылыс осы құжаттамаға түзетулер енгізуге және тиісті сараптама рәсімдерінің аяқталмауына байланысты басталмаған.  

Қандай түзетулер деген сауалға баспасөз хатшысы жер учаскесі аумағының 5 гектардан 4,6 гектарға дейін өзгеруін, жер асты сулары деңгейінің бірнеше есе көтерілуін атады.

- Қазіргі уақытта жобаға түзетулер енгізіліп, сараптамаға енгізілді. Саябақтың жалпы аумағы – 4,6229 га. Құрылысты аяқтау мерзімі (2026 жылдың жазы) қазіргі уақытта қайта қаралуда. Нақты мерзім жобалық құжаттама толық бекітілгеннен кейін және сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін белгіленеді, - деді Е.Қалижан.

Жобалаушы мекеме - «RedLine Pro» ЖШС. Мердігер мекеме - «Сұңқар Құрылыс ЛТД» ЖШС.

Жобаның бастапқы құны – 1 млрд 493 млн 24 мың теңге. Жобаның түзетуден кейінгі құны – сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.