
Атырауда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алған жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Атырау қалалық полиция басқармасы.
Атырау қаласы аумағында 7–8 сәуір күндері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде жалған және қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Мәселен, 7 сәуір күні Lada автокөлігінің жүргізушісіне қатысты көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен жүргізуші 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне заңсыз өзгерістер енгізу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
В Атырау -10