
Күні бүгінде ауданда 1610 гектар жер жыртылған.
Егістік жерін дайындап, жырту, егістікті қоршау жұмыстары мамыр айының аяғына дейін жалғасын табады екен. Күні бүгінде бұл науқандық іске 140 дана ауыл шаруашылығы техникасы (15 шынжыртабанды трактор, 30 доңғалақты трактор, 10 соқа, 11 дана плоскорез, 16 дана дән секпіш, бұдан бөлек аршушы, тырма, бүріккіштер) бар.
Ауданда 9 канал егістікті сумен қамтиды, шаруашылықтар "Табиғат" РМК келісім шартқа отыруда. Аудан бойынша 5348,1 жерге егін егу жоспарланған болатын.

- Картоп, көкөніс, бақша дақылдары, бұдан бөлек мал азығы егілмекші. Бұл өткен жылға қарағанда егіс көлемінің артқанын көрсетеді, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев.

Биыл 14 шаруашылық 108 тонна жеңілдетілген дизель отынына сұраныс берген.
"Көктемнің әр күні-жылға азық" демекші, дала еңбеккелері биыл да мол өнім алуға жұмыстануда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10