Атырау, 31 тамыз 06:03
 дождьВ Атырау +13.2
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Атырауда полигондағы өрттен кейін ауаның ластанғаны анықталды

643 рет қаралды
Сурет:  Атырау облысы бойынша экология департаменті
Сурет: Атырау облысы бойынша экология департаменті

Атыраудағы қоқыс полигонында шыққан өрттен кейін ауа сапасына қатысты тексеріс жүргізілді. 

7 сәуір күні таңғы 08:30-да Солтүстік өнеркәсіптік аймақтағы түтін туралы хабар түскен. Оқиға орнына құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер дереу жұмылдырылды.

Экология департаментінің мамандары санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерде атмосфералық ауаны зерттеп, көміртек оксидінің мөлшері көтерілгенін анықтады. Сонымен қатар аммиак, күкірт диоксиді және азот диоксиді бойынша да өлшеу жүргізілген.

Метеорологиялық жағдай: жел оңтүстік-шығыстан соғып тұр, ауа температурасы +15°C, ылғалдылық 38%, қысым 763 мм сынап бағанасы.

Қорытындысында, көміртек оксидінің концентрациясы жоғарылағандықтан тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Экология департаменті ауа сапасын тұрақты бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

7 сәуір, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.