Атырау, 7 сәуір 17:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

"Ақжайық" резерватының жаңа директоры тағайындалды

86 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Мұратуллин Жанадил Тлеккабылұлы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Даулетов Ризабек Ғалымжанұлы резерват қызметкерлерімен кездесу барысында жаңа басшыны ұжымға таныстырып, тағайындау туралы бұйрықты салтанатты түрде оқып, Жанадил Тлеккабылұлына жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тіледі.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы Жанадил Тлеккабылұлын жаңа лауазымымен құттықтай отырып, жауапты қызметіне табыс, еңбегіне жеміс, бастамаларына береке тіледі.

Бүгін, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.