Атырау, 7 сәуір 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

​Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай іздейді

100 рет қаралды

Корея Республикасы Қазақстанға, Оманға және Сауд Арабиясына мұнай мен нафты жеткізу мәселесін талқылау үшін президенттің арнайы өкілін аттандырмақ. Бұл туралы ТАСС агенттігі президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сикке сілтеме жасап хабарлады

Сапардың мақсаты – Таяу Шығыстағы тұрақсыздық жағдайында елді баламалы шикізат көздерімен қамтамасыз ету.

Оңтүстіккореялық БАҚ пен Reuters дерегінше, Кан Хун Сик президенттің арнайы өкілі ретінде сапарға шығып, бизнес өкілдері мен тиісті ведомстволардың қызметкерлерімен бірге барады. Сеулде атап өткендей, Таяу Шығыстағы жағдай толық тұрақтанғанға дейін энергия тасымалдауды әртараптандыруға қосымша күш салу қажет.

Корея тарапы БАӘ-ден қосымша 24 млн баррель мұнай жеткізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, Сеул АҚШ пен басқа елдерден импорт көлемін арттырып, жаңа жеткізу бағыттарын іздеуде.

Бұл миссияның жеделдігі Кореяның Ормуз бұғазына тәуелділігімен түсіндіріледі. Reuters дерегінше, ел тұтынатын шикі мұнайдың 61 пайызы және нафтының 54 пайызы осы бұғаз арқылы өтеді. Осыған байланысты Корея билігі сәуір–мамыр айларына 17 елден 110 млн баррель баламалы мұнайға келісімшарт жасалғанын, бұл әдеттегі қажеттіліктің 70 пайызын жабатынын мәлімдеді.

Қазақстан үшін бұл сапардың маңызы зор: Сеул біздің республикамызды қосымша шикізат жеткізу мүмкіндігін талқылайтын негізгі елдердің бірі ретінде атады.

Бүгін, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.