
Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
5 сәуірде Ресейдің Новороссийск портын дрондар атқылаған болатын.
Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға қазақстандық мұнай экспортына әсер еткен жоқ.
«Қазіргі таңда шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Экспорт жоспарлары кестеге сай орындалуда», – деп хабарлады ведомство.
Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын және мұнай жеткізу процесі тұрақты екенін атап өтті.
В Атырау -10