
Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға сағат 7:45-те болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace көлігінің тізгінінде 1974 жылы туған жүргізуші болған.
Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп келе жатқан 2018 жылы туған оқушы қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс көтерілді, тергеу жүріп жатыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -10