
Соңғы жиырма жылда жаңа ғимарат салу үшін үшінші рет жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі диспансер кешені бес жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған еді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,Авангард ықшамауданындағы диспансер бірнеше бір қабатты ғимараттан тұрады. Олар 1938, 1973, 1978 және 1984 жылдары салынған. Барлық ғимарат типтік емес, олар негізгі медициналық қызметке (125 төсекке арналған) және қосалқы құрылыстарға арналған.
2021 жылдың желтоқсанында диспансер апатты жағдайда деп танылғанына қарамастан, бүгінде онда 107 пациент стационарлық ем қабылдап жатыр.
Жаңа психдиспансер салу әрекеттері бұған дейін бірнеше рет жасалған. 2008–2010 жылдары Agip KCO компаниясының демеушілігімен ЖСҚ әзірленіп, оң қорытынды алғанымен, жоба іске аспады. Құрылыс үшін жер телімі де бөлінген – ол да Авангардта, психиатриялық аурухана аумағының шегінде орналасқан. Алайда жобаның не себепті бірден іске аспағанын облыс әкімдігі түсіндіре алмады.
2017 жылы NCOC компаниясының көмегімен құжаттама қайта түзетілді. 2019 жылдың наурызына қарай түзету аяқталғанымен, жер мәселесі су қорғау органдарымен келісілмегендіктен, сараптамадан өтпеді.
2021 жылы облыстық бюджеттен 37,4 млн теңге бөлініп, 250 орындық психикалық денсаулық орталығына жаңа ЖСҚ дайындалды. Құжаттаманы «Әсем жоба құрылыс» ЖШС әзірледі. Қазір инженерлік желілермен келісу жұмыстары жүріп жатыр, кейін жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.
Жаңа ғимаратқа арналған 7,5 гектар жер телімі қала маңындағы Алмалы ауылынан бөлінді.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау -10