
Қала тұрғындарының айтуынша, бала жетектеген әйелдер өтіп бара жатқан адамдардан ақша сұрап жүр. Ақша бермесе, ұрыс шығарып, дауыс көтереді.
Олардың көпшілігі жақын шетелден келген адамдар дейді тұрғындар. Мұндай өрескел көрініс әсіресе балалардың көзінше, тал түсте орын алып жатырғаны наразылық тудырып отыр.
Тұрғындар әлеуметтік желіде сауда орындары мен қоғамдық орындарда бақылауды күшейтіп, осындай жағдайларға жол бермеуді сұрайды.
Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдардан ресми ақпарат әзірге түскен жоқ.
Айгүл МАНСУРОВА
Сурет әлеуметтік желіден
В Атырау -10