Атырау, 3 сәуір 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86

​«Баланың көзінше өлтіреді»: Атырауда ит атуға қатысты дау туды

105 рет қаралды

Атырау тұрғындары иттерді, соның ішінде үй жануарларын да ату деректері туралы хабарлап жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл күндізгі уақытта, адамдардың көзінше жасалған. 

«Иесі бар жануарларға неге тиіседі? Үй жануарлары жоғалып кетіп, кейін олардың өлтірілгені белгілі болып жатады», — дейді қала тұрғындары.

Тұрғындар мұндай көріністерді балалар көріп қалуы мүмкін деп алаңдайды. Айтуларынша, бұл оқиғалар тікелей аула ішінде болып жатыр.

Жануарларды аулаумен немесе атумен нақты кім айналысатынын және оның қандай негізде жүзеге асырылып жатқанын түсіндіруді, сондай-ақ қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеудің қолданыстағы ережелерінің сақталуын тексеруді талап етіп отыр қала тұрғындары.

Материал жарияланған сәтте құзырлы органдардан ресми ақпарат түскен жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда мысығын талап тастағаны үшін итті күрекпен ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.