
Атырауда полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтқаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.
Сот анықтағандай, 2026 жылғы 31 наурызда азаматша Л. алкогольдік масаң күйде полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, құрметтемеушілік танытқан.
Әйелдің кінәсі сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденді.
ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігінің санкциясында 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салу не 15 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сот қаулысымен Л. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, оның жеке басы, материалдық жағдайы және кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріле отырып, айыппұл сомасы 30%, яғни 90 825 теңгеге қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -10