Атырау, 2 сәуір 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87

Жылыой ауданында су тасқынына қарсы бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылуда

106 рет қаралды

Жылыой ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жем өзені мен Құрсай өзегінің 95,3 шақырымы тереңдетіліп, қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Қамыскөл деңгейін көтеру үшін Құрсай каналы арқылы су жіберілді.

Құлсары қаласында және Ақкиізтоғай, Тұрғызба, Шоқпартоғай ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынды. Су тасқыны қаупі жоғары болғандықтан, Жем өзеніне ерекше назар аударылды. Бақашы мен Қарағай ауылдары маңында гидротехникалық құрылыстар мен шлюздер орнатылып, Сарқырауық каналы бойынша су реттеу нысаны іске қосылды.

Сонымен қатар Жем және Қара-Арна ауылдық округтерінде 16 шақырымнан астам арна тазартылып, су өткізу қабілеті артты. Бұл шаралар өңірде көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған.

Бүгін, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.