
2 сәуірдегі жағдай бойынша Атыраудағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы орта есеппен 475 теңгеден сатылып, 468 теңгеден сатып алынуда. Ұлттық банктің ресми бағамы осы күні — 475,09 теңге.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, теңгенің нығаюы мұнай бағасының өсуімен байланысты. Қазақстан экспортының негізгі бөлігі — мұнай, ол елдің валюталық түсімінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Мұнай бағасының көтерілуі нарықтағы валютаның ұсынысын арттырып, доллардың арзандауына ықпал еткен.
Сүлейменов сондай-ақ Ұлттық банк доллар бағамын тікелей реттемейтінін, курс еркін айналымда екенін атап өтті. Оның бағалауынша, алдағы уақытта күрт ауытқулар күтілмейді.
Дегенмен, ірі инвестициялық жобалар импорттық жабдық пен технологияға сұранысты арттыруы мүмкін, бірақ бұл фактор басқа нарықтық жағдайлармен теңестіріледі.
В Атырау -10