Атырау, 2 сәуір 15:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87

British Petroleum Қазақстан мұнай-газ саласына қайта оралды

103 рет қаралды

ҚазМұнайГаз бен British Petroleum геологиялық барлауда серіктестік орнатпақ.

Астанада өткен «Geoscience & Exploration Central Asia» халықаралық геологиялық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен BP Exploration Operating Company Limited (British Petroleum) арасында Маңғыстау облысындағы Үстірт блогын барлау және игеру бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Бұл құжат екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды. Бұған дейін BP Қазақстанда бірнеше ірі мұнай-газ жобаларына қатысқан болатын.

Енді серіктестікті жандандыру елдің ресурстық қорын нығайтуға бағытталған геологиялық барлаудағы перспективті бастамаларды бірлесіп іске асыруға жол ашады.

Бүгін, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.