Атырау, 1 сәуір 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Атырауда бірінші сыныпқа қабылдау: мерзімдер мен жаңа тәртіп жарияланды

87 рет қаралды

Атырау облысында балаларды бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі анықталды. Республика бойынша қабылдау 27 мамырда басталғанымен, әр өңірде арнайы кесте белгіленген.

Құжат қабылдау мерзімі: 18 маусым – 31 тамыз.

Бұл тәсіл eGov порталындағы жүктемені азайтып, техникалық ақаулардың алдын алуға бағытталған.

Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа  14 мыңнан астам оқушы қабылданады.

Мектепалды даярлық сыныбын аяқтап, сол мектепте оқуын жалғастыратын балалар автоматты түрде қабылданады. Бұрынғыдай қайта тіркеу қажет емес.

Басқа мектепке ауысатындар құжаттарды жалпы тәртіппен тапсырады.

Құжаттар тізімі өзгеріссіз, онлайн және офлайн форматта қабылданады.

Бұл жаңа пилоттық жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында іске асырылып отыр.

Бүгін, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.