Атырау, 31 наурыз 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Мораторий аясында: Атырауда коммуналдық қызмет тарифтері қайта бекітілді

127 рет қаралды

Атырауда коммуналдық қызмет тарифтері төмендеп, су тарифі 10%-ға, жылу 7%-ға, ал газ 16%-ға арзандады. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанар Дәрібаева брифингте мәлімдеді.

Тарифтердің төмендеуі Үкіметтің 31 наурызға дейін коммуналдық тарифтердің өсуіне мораторий енгізу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан. Осыған орай департамент 22 өтінімді қарап, 40 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттеген.

Ж.Дәрібаеваның айтуынша, тарифтер жанар-жағармай бағасы, электр энергиясы, салық және желілердің тозуы сияқты нақты факторларға байланысты есептеледі. 

2015 жылдан бері ұзақ мерзімді тарифтік саясат қолданыста, ол инфрақұрылымды жаңартуға инвестиция тартуға және апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ал 2023 жылдан бастап «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылған.

Бұл жаңалық тұрғындар үшін қысқа мерзімде қаржылық жеңілдік әкелсе, ұзақ мерзімде инфрақұрылымның жаңаруына да ықпал етуі тиіс.

Бүгін, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.