Атырау, 19 сәуір 13:52
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Қандастарымызға азаматтық бес жылсыз берілмей ме?!». «Ұлтшылдар құрылтайының артында кімдер тұр?». «Мысқылшыл банкир хабарсыз кетті». «Оқулығы оспадар, оқушы қайтіп оңалар?!». «Қолды болған қазақ өнері». «Банкті бопсалау».

1 992 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Қашқымбаевтың «экстремизм» айыбы түсініксіз» - «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев абақтыдан шыққан бетте «экстремизмді насихаттады» деген жаңа айыппен қайта тұтқындалды. Бұл істің жай-жапсары әлі анық емес.

«Дзержинскийдің ескерткішінен дау туды» - Мәскеу қалалық думасы депутатының «Феликс Дзержинскийдің ескерткіші қайта тұрғызылуы мүмкін» деген сөзі Ресейде наразылық туғызды.

«Ахмадинежад тұсындағы цензура сынала бастады» - Иранның жаңа мәдениет министрі Әли Жаннати бұрынғы президент Ахмадинежад тұсындағы цензураны сынап, «қолдарынан келсе, цензорлар Құранға да тыйым салатын еді» деді.

«Ізім-ғайым жоғалған түркімен саяси тұтқындар» - «Президент Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болды» деген күдікпен ұсталған, арасында Түркіменстанның сыртқы істер министрі де бар оншақты адам хабар-ошарсыз кетті.

«Молда жас қыздың ажалына қатысы жоғын айтады» - Ұзатылатын күні басқа жігітпен қашып кеткен ауған қызын туыстары ұстап алып, атып өлтірді. Бұл қылмысқа байланысты сотталған молда «қызды жазалаған мен емес, халық» дейді.

ZHASALASH.KZ  «Арадан өткен қара мысық немесе кәрi сиырдың етiн кiм жейдi?» - Жуырда ғана Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев қоластындағыларды бiраз сiлкiлеп алды. Президенттiң сынынан аман қалғандар аз.

«Қазақтарды Отанына келтiрмеудiң амалы» - Шетелдегi 5 миллион қандастың құны көк тиын болғаны ма?

«Азғындаудың ақыры алапат апаттарға ұрындырады» - Гомосексуализмге Қазақстанда заңмен тыйым салынуы тиіс.

ULT.KZ.  «Қандастарымызға азаматтық бес жылсыз берілмей ме?!» - Сенат мақұлдаған көші-қон туралы заң жобасынан кейін енді шетелдегі қазақ азаматтарына Қазақстан азаматтығы бірден берілмеуі мүмкін.

MAIDAN.KZ.  «Ұлтшылдар құрылтайының артында кімдер тұр?» - Біреу өтеді, біреу өтпейді деп, біреу қолдап, біреу қарсы шығып жүрген ұлтшылдар құрылтайы өтетін болды.

«”10 боксшымыз да алтын алса деген тілегім бар”» - Біздің халқымызда адам бокспен айналысса, есінен ауысып, денсаулығына зиян тигізіп алады деген жаңсақ пікір бар. Қазақ бокстан қорқады.

TURKYSTAN.KZ.  «Мысқылшыл банкир хабарсыз кетті» -  Ал теңгенің болашақ тағдыры талайларды тығырыққа тіреуде.

«Қаржыны қарпып, айылын жимайтындар барша елдің алаңдауын туғызуда» - Жуырда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Республика Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды.

AIKYN.KZ  «Несиеге немқұрайлы қарауға болмайды» - Әңгіме тағы да проблемалық несиелер портфелі жайында. Бұл тақырып әлі ұзақ қаузалатын түрі бар. 2008 жылғы дағдарыстан бері бірнеше жыл өткеніне қарамастан, оның деңгейі өсе түсіп, бүгінде жалпы несие портфелінің 36 пайызын құрап тұр.

JASQAZAQ.KZ.  «Оқулығы оспадар, оқушы қайтіп оңалар?!» - Мектеп оқулықтары­ның тілі шалағай, шорқақ, әрі сәби мен жасөспірім түгіл, ересектерге де ауыр тиеді. Мұның дәлелдеп, дауласып жатуды қажет етпейтін үш себебі бар.

«Қолды болған қазақ өнері» - Қазақ қазақ болудан қалып барады. «Қазақтікі» дейтіннің бәрінің баламасы бүгінде басқа елде де бар. Өзге елде қадірі алабөтен, өз елінде өгей кейіпте.

«Банкті бопсалау» - Соңғы бірнеше айда  атын ел ести қоймаған бірқатар басылымдар «Каspi банкіне» қарсы ақпараттық кампания ұйымдастырды.

16 қазан 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.