Атырау, 31 наурыз 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Қазақстан мұнай өндірісін 2050 жылға қарай 75 млн тоннаға жеткізбек

89 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» жасанды интеллект пен жаңа технологияларға сүйеніп, ірі көмірсутек қорларын іздеуді күшейтуді көздейтінін мәлімдеді.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Асхат Хасенов ұлттық компанияда енгізіліп жатқан жаңа ғылыми-зерттеу жобалары мен технологиялар туралы баяндады.

Компания ҒЗТКЖ бағдарламасы аясында 80 технологиялық міндетті қамтитын жобалар кешенін іске асыруда. Қаржыландыру көлемі 17,3 млрд теңгені құрайды. Бұл бастамалар өндіріс тізбегіндегі жүйелі сын-қатерлерді шешуге бағытталған.

Геологиялық барлау саласында бес негізгі мұнай-газ аймағының бассейндік модельдері жасалып, шамамен 4,7 млрд тонна шартты отын қоры бар 22 жоба портфелі қалыптастырылды. Деректерді нақтылау үшін алғаш рет Қазақстанда сымсыз сейсмикалық қабылдағыштар мен электр-магниттік импульс көздері қолданылуда.

Ұлттық компанияның операциялық активтерінде алынатын қалдық мұнай қоры 445 млн тоннаға жуық. Оның жартысынан астамы қиын өндірілетін қор санатына жатады. Оларды игеру үшін полимерлік су айдау технологиясы мен Slim Hole әдісі енгізіліп, шығындар 30% қысқарды. Сонымен қатар көлбеу ұңғымалар бұрғыланып, қосымша 2,2 млн тонна қор игерілді.

Ескі кен орындарында өндіру көлемін ұстап тұру үшін жаңа әдістер қолданылып, 2025 жылы қосымша 434 мың тонна мұнай өндірілді. Қордың 90%-ын құрайтын 12 негізгі кен орнында «цифрлық сыңарлар» жасалып жатыр. Бұл виртуалды модельдер нақты уақыт режимінде сценарийлерді есептеп, өндіруді жыл сайын 3%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнай өңдеу саласында 2029 жылға қарай жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 83%-ға, өңдеу тереңдігі 92%-ға жетеді деп жоспарлануда. Бұл үшін заманауи катализаторлар, автоматты басқару жүйелері және пештерді онлайн тазарту технологиялары енгізілуде.

Экология бағытында SAF жаңартылатын авиациялық отыны, жасыл сутек өндірісі және сутекті сақтау технологиялары әзірленуде. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына арналған күкірт полимерін шығару жобасы қолға алынып, Ақтөбе облысында қуаты жылына 800 мың тонна карбамид өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Бүгін, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.