
Атырау және Талдықорған қалаларында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық шаралар өтті.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, акция аясында мектептерде экологиялық білім беруге бағытталған экожобалар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Оның басты мақсаты балаларға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйретіп, табиғатқа ұқыпты қарауды дағдыға айналдыру.
Білім ордаларына қағаз, пластик және шыныны бөлек жинауға арналған заманауи экобокстар қойылып жатыр. Бұл бастаманы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ жүзеге асырып отыр.
Ведомство атап өткендей, бұл бастама балаларды табиғатты қорғауға үйретіп қана қоймай, жалпы қоғамды экологиялық мәдениетке тартуға ықпал етеді.
В Атырау -10