Атырау, 31 наурыз 01:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Атырауда нөсер жаңбыр тағы да мыңдаған үйді жарықсыз қалдырды

133 рет қаралды

Бүгін қаланың әр аумағында жаппай жарық өшті. 9300-ден аса үй жарықсыз қалған. 

Қалада жаңбыр жауып, жел тұрса, жарық өшетініні үйреншікті жағдайға айналды. Жиі қайталанатындықтан тұрғындар қолайсыз ауа райы кезінде жарық өшетінін да алдын ала сезіп отыратын жағдайға жетті. Ең болмаса жарықтың қашан жанатынын білгісі келеді. Әдетте осындай сұрақтар “Атырау Жарық” диспетчерлеріне жаңбырша жауады.
Қала әкімдігі баспасөз қызметі қалада бір жанып, бір сөніп тұрған жарыққа қатысты комментарий берді.

Ақпарат бойынша бірқатар көшелерді, ықшамаудандарды электр жарығымен қамтитын қосалқы станцияларда апатты жағдай болған. 

- Қызғалдақ, Ақжайлау, Жолашар, Жұбанова, Мечникова, Адырас, Керейхан, Келешек, Ақтамберді-Жырау, Станционная, Құспан -Молла, Беккалиев, Мақатаев, Боран Нысанбаева, Нәжімеденов көшелерінің тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз ететін ӘЖ -10 кВ желісінде апатты жағдайда ақау анықталу салдарынан электр жарығы уақытша өшірілді. “Атырау Жарық” ЖШС мекемесінің жөндеу бригадалары шұғыл қалыпқа келтіру жұмыстарын атқаруда.  Сағат 21:30 шамасында электр жарығы қосылатын болады, қосымша хабарланады, - деп хабарлады баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.

Курилкино, Көкарна, Рыбник, Химик, Судоремонтник баубақша учаскелерінде, Жұлдыз, Балауса, Еркінқала, Томарлы ауылындағы және Авангард 3-4, Ракуша, Жұмыскер, Береке ықшам ауданында және басқа да мекенжайларда жарық өшіп-жанып тұрғаны хабарланды.

“Атырау Жарық”  ЖШС мекемесінің баспасөз қызметі хатшысы Эльвира Рахымжанқызы қосалқы станциялар басында 8 арнайы бригада қалыпқа келтіру бойынша жұмыс істеп жатқанын, жарық біртіндеп қосылатынын хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, электр желілері нөсер жаңбырдың әсерінен тоқтан апатты жағдайда ажыратылған. Кешкі уақытқа дейін қаланың кейбір аудандарында жарық әлі берілген жоқ. 

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.