
Украина Президенті Владимир Зеленский Киевтің Пасха мерекесі кезінде оқ атуды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистерге берген түсініктемесінде айтты, деп хабарлайды РБК-Украина.
Зеленскийдің сөзінше, егер мемлекеттің егемендігі мен абыройына нұқсан келмесе, Украина соғысты аяқтаудың кез келген форматын қолдайды.
«Біз Пасха мерекесінде оқ атуды тоқтатуға дайынбыз. Біз тәуелсіздік пен абыройды жоғалтпай, соғысты тоқтатудың кез келген форматын қолдап келдік», — деп атап өтті ол.
Президент, сондай-ақ, уақытша бітім Ресейге стратегиялық артықшылық бермейтінін айтты.
«2–3 күн ішінде олар ештеңені күшейте алмайды. Біз олардың үш күнде не уәде еткенін және не істей алмағанын жақсы білеміз», — деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, Зеленский украин тарапы қысқа мерзімді үзілістерді емес, тұрақты бейбітшілікті қалайтынын баса айтты.
Биыл Пасха мерекесі 12 сәуірде атап өтіледі. Естеріңізге сала кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин 2025 жылы «пасхальное перемирие» жариялаған болатын, алайда ол кезде соғыс қимылдары толық тоқтаған жоқ еді.
В Атырау -10