Атырау, 30 наурыз 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​ТШО-дағы кадрлық өзгерістер: Chevron ардагері Стив Коннер қызметінен кетеді

112 рет қаралды

Қазақстанның ең ірі мұнай өндіруші компаниясы «Теңізшевройл» (ТШО) басшылығында өзгеріс болады деп күтіледі. Жақын арада өндіріс жөніндегі бас менеджер және бас директордың орынбасары Стив Коннер өз қызметінен кетеді, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Стив Коннер 2022 жылдың жазынан бастап ТШО басшылығындағы шешуші позицияны иеленіп келді. Оның Chevron корпорациясындағы еңбек жолы өте ауқымды — ол алпауыт компания құрылымында 1984 жылдан бері, яғни 40 жылдан астам уақыт қызмет еткен.

Ондаған жылдар ішінде Коннер Таиланд, Латын Америкасы, АҚШ және Ұлыбританиядағы ірі жобаларда жауапты лауазымдарды атқарды. Қазақстанға келмес бұрын ол Мексика шығанағындағы Chevron өндірісін басқарған болатын.

Қазақстанның мұнай-газ кеңесі (PetroCouncil) топ-менеджерге атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

«Біз Стив Коннерге Теңіз жобасындағы өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша салалық қауымдастықтармен белсенді әрі сындарлы іс-қимылы үшін алғыс айтамыз», — деп атап өтті кеңестегілер.

ТШО бас директорының орынбасары лауазымында Стив Коннердің орнын кім басатыны әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.

Бүгін, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.