
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры болып Бахтияр Исаев тағайындалды.
Бахтияр Исаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, деп хабарлайды PetroCouncil.kz.
Ол еңбек жолын еліміздің ірі ұлттық компаниялар жүйесінде бастады. Бұған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Экономика және қаржы департаментінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
«ҚазМұнайГаз» құрылымында Б. Исаев Қазынашылық департаментінің директоры, «ҚазТрансОйл» АҚ Мемлекеттік сатып алуларды бақылау және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстандық қамтуды дамыту және сатып алу департаментінің директоры және Сатып алуларды дамыту мен үйлестіру департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігінің сатып алу бөлімін басқарды.
В Атырау -10