
Әлеуметтік желілер мен Komek109 қызметіне түскен тұрғындардың шағымынан кейін экологтар қаладағы бірнеше аумақта атмосфералық ауаны тексеруді бастады.
Атырау облысы бойынша Экология департаментінің хабарлауынша, мониторинг Тайманов көшесінде, «Атырау» ықшамауданында, Орталық көпір маңында және «Жұлдыз» ықшамауданында жүргізілуде.
Мамандар күкіртсутек (H₂S), көміртек оксиді (CO) және азот диоксиді (NO₂) сияқты ластаушы заттар деңгейін анықтап жатыр.
Сынама алу жұмыстары күні бойы жалғасады. Қорытындысы қосымша хабарланады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10