
Атырау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел шара барысында бұрын сотталған 54 жастағы ер адам қолға түсті. Ол өз пәтерінің ауласында есірткі өсімдігін заңсыз өсірген.
Тінту кезінде күдіктіден 62 түп қарасора тәркіленді. Салмағы 5 келіден асады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайтынын атап өтті. Конституция мен ҚПК нормаларына сәйкес, адамның кінәсі тек заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденеді.
В Атырау -10