Атырау, 30 наурыз 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Атырау полициясының арнайы қабылдау орнында қамаудағы азаматтың денесі табылды

119 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

29 наурызда Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында 55 жастағы ер адам өлі күйінде анықталды. 

Ол 25 наурызда ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша он тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Қамауға алу оның 24 жастағы ұлының арызы негізінде жүргізілген.

Алдын ала деректерге сәйкес, азамат камерада екі қатарлы кереуеттің құрылымын пайдаланып, трикосының бауымен асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына тиісті қызметтер шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады: 

- Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұл оқиға жұртшылықтың сауалын туғызды. Себебі мұндай мекемелерде әдетте қамаудағылардан қауіпті заттар, соның ішінде белбеу мен баулар алынып, суицидтің алдын алу шаралары жасалады.

Тергеу барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы және арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің әрекеттеріне баға берілмек.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.