
26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima мен Opel көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға орнында 2023 жылы туған қыз бала көз жұмды. 2021 жылғы ұл бала облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, 30 наурызда қайтыс болды. Баланың жерленгені туралы ақпарат бар.
Балалардың анасы қазір ауруханада жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бейресми деректерге сәйкес, қарсы бағыттағы көлік рөлінде жасөспірім отырған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10