Атырау, 30 наурыз 15:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Атырау вокзалындағы жанжалда жолаушы пышақталды

126 рет қаралды

28 наурыз күні Атырау теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар әуелі сөзге келіп қалып, кейін ол төбелеске ұласқан. Оқиға барысында жүргізуші жолаушыға пышақ жарақатын салған.

Жарақат алған азамат медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Атырау қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалға байланысты «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, – деп мәлімдеді полиция.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.