Атырау, 30 наурыз 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Атырау облысында дронға ұқсас сынықтар табылды

100 рет қаралды
Әлеуметтік желіден алынды
Әлеуметтік желіден алынды

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын заттар анықталды.

27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға дронға ұқсайтын белгісіз нысан тапқанын хабарлаған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сәйкес, жанып жатқан зат Атыраудан шамамен жеті шақырым жерде табылған.

Таралған хабарламаларда оқиға орнынан қозғалтқыш пен композитті немесе болжам бойынша көміртекті талшықтан жасалған, зақымданған бөлшектер табылғаны айтылған.

Атырау облыстық полиция департаменті күдікті заттардың табылғанын растады, бірақ нақты қандай нысан екенін ашып айтпады.

«Атырау облыстық полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсайтын заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген департамент хабарламасында.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысында да дрон құлағаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде фактіні өңірлік полиция департаменті растаған болатын.

Бүгін, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.