Атырау, 19 сәуір 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Атырау маңындағы екі қатарлы дүкеннен өрт шықты

593 рет қаралды

26 наурызда кеште Томарлы ауылы маңында Атырау-Индер жолы бойында орналасқан екі қатарлы "Игі сәт" дүкенінде өрт шықты.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт салдарынан ғимараттың шатыры мен ішкі қаптамасы 120 шаршы метр аумақта зақымданды.    

Өрт сөндірушілер өрттің ғимараттың қалған бөліктеріне таралуына жол бермеді. Өрт сағат 20:36 толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 38 қызметкері мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Көрген адамдардың айтуынша, ғимараттың бірінші қатарында аптека мен дүкендер орналасқан болса, екінші қабатында балалар жаттығатын спорт бөлмелері бар. 

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Алма ҚАЛУСАРИЕВА

Суретті түсірген автор

27 наурыз, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.