
Екі тәуліктен астам уақыт бойы байланысқа шықпаған Евгений Загорко Гонконгтен табылды.
Қазір ол ауруханада жатыр, алайда оның жағдайы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Құқық қорғау органдары мен консулдық қызметтерден ресми мәлімет әлі түскен жоқ.
Еске салсақ, Загоркомен байланыс 20 наурыздан 21-іне қараған түні үзілген. Соңғы рет ол Trilogy түнгі клубында болған, кейін пәтеріне оралмаған және хабарламаларға жауап бермеген.
Бұған дейін оның Ruby International апартаменттерінде тұрғаны, жеке заттарының орнында екені хабарланған еді. Жақындары оның бір жағдайға душар болуы мүмкін деп алаңдап, іздеуге көмек сұраған болатын.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10