Атырау, 21 қыркүйек 02:17
 дождьВ Атырау +22.2
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Атырауда Наурыз мерекесінде 80-ге жуық бала адасып, аман-есен табылды

Бейнежазба
1 141 рет қаралды

Исатай–Махамбет алаңында өткен мерекелік шара барысында 78 бала ата-анасынан ажырап қалған. 

Полиция мен ұйымдастырушылардың жедел әрекеті арқасында олардың барлығы тез арада анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды. Көпшілігі бір сағатқа жетпей табылса, бір жасөспірімді іздеу үш сағатқа созылды.

7 жастағы бала бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Анасына жете алмаған соң, ол жұмыс орнына бармақ болған. Бірақ инспекторлар оны дер кезінде байқап, анасына жеткізді.

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті ата-аналарға ескерту жасады: көпшілік жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмау және оларға мұқият болу қажет.


23 наурыз, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.