Атырау, 23 наурыз 14:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Атырауда​ 25 мыңнан астам ​тұрғын Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды

Сурет
93 рет қаралды

Атырау қаласының Исатай мен Махамбет атындағы алаңында 25 мыңнан астам тұрғын Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды.

Қонақтар үшін 30-ға жуық ақшаңқан киіз үй тігіліп, әрқайсысы қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін таныстырды. Жиналғандар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен және отандық кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, халықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде Наурыздың бірлік пен татулықтың, молшылық пен жасампаздықтың мерекесі екенін атап өтті.

Мерекелік бағдарлама «Қош келдің, әз Наурыз» атты театрландырылған қойылымнан басталып, жарқын көріністерге толы мюзикл-шоумен жалғасты. Алаңда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қазақша күрес, қой көтеру, бұқатартыс, асық ату сияқты жарыстарда жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Кешкісін мерекелік концерт өтті. Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар сахнаға шығып, көпшілікті қуантты. «Алатау серілері» ансамблінің әніне 500 жас билеп, ерекше әсер қалдырды. Ал мерекенің басты қонағы Әділет Жауғашардың әндері көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

Бүгін, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.