Атырау, 20 наурыз 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Жабайы мысық Бірлік ауылы тұрғындарын қорқытты

Бейнежазба
108 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр
Видеодан стоп-кадр

Атырау маңындағы Бірлік ауылында күтпеген жағдай болды — жергілікті тұрғын өз қорасынан жабайы мысық көрген.

Оқиға 2026 жылғы 19 наурызда болған. Жыртқыш жануар тауық қорасына кіріп кетіп, үй құстарын да, үй иесін де әбден шошытқан.

Оқиға орнына Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты мамандары шақыртылған. Олар жануарға зиян келтірмей, ұстап алған.

Мамандардың айтуынша, тексеру барысында жануардан құтыру белгілері анықталмаған. Аздап бағдарынан жаңылса да, мысықтың жағдайы қалыпты болған.

Тексерістен кейін жабайы мысықты елді мекеннен алыс жерге апарып, табиғи ортасына қайта жіберді.

Резерват мамандары жабайы жануарлар қауіпті немесе қорқып жүрген болуы мүмкін екенін ескертеді.

  • Жануарды өз бетіңізше ұстауға тырыспаңыз;
  • Оған жақындамаңыз, себебі қорғану үшін тістеп алуы мүмкін;
  • Мұндай жағдайда бірден 112 қызметіне немесе орман және жануарлар дүниесі инспекциясына хабарласыңыз.
Бүгін, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.