Атырау, 20 наурыз 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Облыс әкімі Атыраудағы шаңды дауылдарға қарсы шаралар әзірлеуді тапсырды

104 рет қаралды

Атырау облысында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысы талқыланды. Серік Шәпкенов төрағалық еткен жиында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының жүзеге асырылуы мен өңірдегі жасылдандыру мәселелері қаралды.

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны айтылды. Өткен жылы облыста 115 мыңнан астам адам қатысқан 195 сенбілік ұйымдастырылып, 62 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Сонымен қатар 70 мыңнан астам аула тазартылған. Ал 2026 жылдың басынан бері 55 экологиялық іс-шара өткізілген.

Бұдан бөлек, қоғамдық бақылауды күшейтуге, цифрлық құралдарды дамытуға және тұрғындарды экологиялық бастамаларға белсенді тартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Жиында Мемлекет басшысының көгалдандыруға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы да сөз болды. Қабылданған кешенді жоспарға сәйкес, орман қоры аумақтарында және елді мекендерде ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Биыл 306,9 гектар жерге 859,8 мың көшет отырғызу жоспарланған.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі — Атырауда жиілеген шаңды дауылдар. Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты болуы мүмкін. Соның салдарынан теңіз түбінің ашық бөліктері көбейіп, шаңның таралуына әсер етуде.

Осыған байланысты өңір басшысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, шаңды дауылдардың себептерін жан-жақты зерттеуді тапсырды. Сонымен қатар Каспий жағалауы мен құрғаған аумақтарда фитомелиорация жүргізу бойынша кешенді жоспар әзірлеп, оны іске асыруды міндеттеді.

Бүгін, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.