Атырау, 20 наурыз 16:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

​Астанада LRT вагондарын​ жұмысшылар өз күшімен тартты

Бейнежазба
93 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Астанада әлеуметтік желіде жұмысшылардың LRT вагондарын арқанмен тартып жатқан видеосы қызу талқыланып жатыр.

TikTok-та пайда болған бұл ролик интернетте тез тарап, түрлі астарлы әзілдер келтірілді. Кадрлардан арнайы киім киген адамдардың қар басқан учаскеде екі вагоннан тұратын құрамды қолмен сүйреп жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары бұл көріністің себебін болжап, елордадағы жеңіл рельсті көліктің болашағы туралы мысқылмен жарыса жазды.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы бұл жағдайдың ақауға немесе штаттық пайдалануға еш қатысы жоқ екенін, тек іске қосу-жөндеу жұмыстарының техникалық кезеңі екенін түсіндірді.

«Бұл — вагондарды рельске орнатқаннан кейінгі өзара жалғау сәті. Осы кезеңде вагондарды дәл түйістіру үшін олардың орналасуын қолмен реттеуге рұқсат етіледі. Барлық жұмыстар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілуде. Бұл — рельсті көлікті іске қосу-жөндеу жұмыстары кезіндегі қалыпты тәжірибе», — деп хабарлады CTS баспасөз қызметі.

Осылайша, компания видеода жүйені іске қосуға дайындық кезіндегі әдеттегі техникалық процесс бейнеленгенін айтып сендірді. Естеріңізге сала кетейік, Астанада LRT-ны іске қосу осы көктемге жоспарланған. Ұсынылып отырған тариф құны — 200 теңге.


Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.