
Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы араласқаннан кейін Экология департаментінің қызметкерін жұмыстан босатылды.
Қадағалау органы хабарлағандай, аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан. Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған.
Сонымен қатар, экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің жеті бас маманы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-тің 498- бабымен әкімшілік жауапқа тартылды.
Атап айтқанда олар құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар үшін .
Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуы үнемі жүргізілетінін айқындады.
В Атырау -10