Атырау, 20 наурыз 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Украина бейбіт келіссөздерді қайта бастауға талпынып отыр

94 рет қаралды

20 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский ел делегациясының АҚШ-қа жол тартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық үдеріс ұзақ үзілістен кейін қайта жанданады, деп хабарлайды Еuronews..

Зеленский Еуропа одағының басшыларына жасаған үндеуінде АҚШ-тың Ресей мұнайына салынған кейбір санкцияларды жеңілдетуі Мәскеудің әскери бюджетіне қосымша қаржы түсіріп отырғанын сынға алды. 

«Агрессор әлсіреуі тиіс – бұл соғысты аяқтаудың кілті», – деді ол.

Алайда ЕО-ның Ресейге қарсы 20-шы санкциялық пакеті Венгрия мен Словакияның қарсылығына байланысты тоқтап тұр. Венгрия сонымен қатар Украинаға бөлінетін 90 млрд еуро көлеміндегі кредитті бөгеп отыр. Зеленский бұл қаражатты «қазақстандық өмірді қорғау үшін аса маңызды ресурс» деп атады.

Сонымен бірге Украина жаңа серіктестер іздеуде. Таяу Шығыс елдері ирандық «Шахед» дрондарына қарсы күрес тәжірибесін пайдалану үшін Киевтен көмек сұраған. Қазір аймақта 200-ден астам украин маманы жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыт Украинаға жаңа қаржылық мүмкіндіктер ашуы ықтимал.

Украина бір жағынан ЕО қолдауының әлсіреуіне тап болса, екінші жағынан Таяу Шығыста жаңа серіктестер тауып, әскери тәжірибесін экспорттап отыр.

Бүгін, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.