
Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Нариман Биғали келді.
Нариман Биғали бірнеше жоғары оқу орнын тәмамдаған: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Тарих», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Құқық», ал Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасау» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2011 жылы бастаған ол әр жылдары Каспий өңіраралық көлік инспекциясында бас маман, «Нуркапстройгаз» ЖШС директоры, Атырау облысы құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Индер аудандық құрылыс бөлімін, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарған. Кейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болды.
Жаңа тағайындауға дейін Нариман Биғали Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын басқарған.
В Атырау -10