Атырау, 19 наурыз 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79

Ресейде жасанды интеллектті реттейтін заң жобасы жарияланды

92 рет қаралды

Ол 2027 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлады АА.

Цифрлық даму министрлігі әзірлеген құжатқа сәйкес, жасанды интеллект (ЖИ) модельдерін әзірлеу мен оқыту тек Ресей аумағында жүргізілуі тиіс. Бұл талап ұлттық қауіпсіздік пен деректерді қорғау мақсатында енгізіліп отыр.

Заң жобасы азаматтарға ЖИ технологиясы заңсыз қолданылып, зиян келтірген жағдайда өтемақы талап ету құқығын береді. Сонымен қатар, ЖИ қолданылған тауарларды сатушылар тұтынушыларды бұл туралы міндетті түрде хабардар етуге тиіс.

ЖИ модельдерінің иелері олардың әрекеттері заңсыз салдарға әкелетінін алдын ала білген жағдайда ғана жауапкершілікке тартылады.

Құжатта ЖИ көмегімен жасалған фото, видео және аудио контентке арнайы таңбалау енгізу ұсынылған. Бұл тұтынушыларға контенттің қалай жасалғанын түсінуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, заң жобасы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздейді — бірлескен зерттеулер мен деректер алмасу арқылы.

Егер заң қабылданса, ол 2027 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Бүгін, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.