Атырау, 29 сәуір 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

Ана мен нәресте құқығы қорғалды

317 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау және балалардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтарды анықтады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 5-бабына сәйкес, мемлекет ана мен баланы қорғауға және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда тексеру барысында перзентханадан шыққан 1 150 ана мен нәрестеге арналған тегін «дәрі-дәрмек қобдишасы» берілмегені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бұл олқылықтар жойылып, барлық тиісті жиынтықтар таратылды. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

19 наурыз, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.