Атырау, 19 наурыз 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79

13 мамырдан бастап балықты тек күндіз аулауға рұқсат етіледі

98 рет қаралды

Қазақстанда 13 мамырдан бастап түнгі уақытта балық аулауға тыйым салынады. 

Енді тек күндізгі уақытта әуесқой және спорттық балық аулауға рұқсат етіледі: сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін қармақ салуға болмайды.

Бұл шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 наурызда бекіткен «Балық ресурстары объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы»  №78 бұйрығына сәйкес енгізілді. Ережені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, жаңа норма бұрынғы құқықтық олқылықты жояды. Бұған дейін полиция мен құтқарушылар түнгі уақытта, әсіресе қыста, адамдардың суға шығуын шектегенімен, балық қорғау қызметінің мұндай құзыреті болмаған. 

Енді ол бар. Осылайша, түнгі балық аулау енді тек қауіпті әрекет емес, заң бұзушылық болып саналады.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.