Атырау, 19 наурыз 13:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79

Су тапшылығы: Атырау мен БҚО-да жерасты су қоры кеңейтіледі

84 рет қаралды

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2027 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңа жерасты су көздерін анықтау үшін кешенді іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл бастама елді мекендерді, ауыл шаруашылығын және экономиканың басқа салаларын қосымша сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

2026 жылы жерасты су кен орындарын барлауға арналған 28 жаңа жоба іске асырылмақ. Оның ішінде:

  • Жамбыл облысында – 9 жоба,
  • Ақмола облысында – 3 жоба,
  • Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында – 4 жобадан,
  • Маңғыстау мен Атырауда – 2 жобадан,
  • Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Ұлытау өңірінде – 1 жобадан.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында ауызсу, техникалық жабдықтау, суару және шаруашылық мақсаттарға арналған 4 803 жерасты су кен орны барланған. Мемлекеттік баланс деректеріне сәйкес, тәуліктік пайдалануға болатын қоры 43,2 млн текше метрді құрайды. Алайда оның тек 1,5 млн текше метрі (3,6%) ғана игеріліп отыр.

Қор құрылымында:

  • 21,2 млн текше метр – ауызсу мен тұрмыстық қажеттілікке,
  • 2,4 млн текше метр – өндірістік-техникалық мақсаттарға,
  • 19,6 млн текше метр – суармалы егіншілікке бағытталған.

Вице-министр Талғат Момышевтың айтуынша, климаттық өзгерістер мен су тапшылығы жағдайында жерасты суын тиімді игеру – тұрақты сумен қамтамасыз етудің басты бағыты. Осыған байланысты министрлік жерасты суын кешенді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуді бастады. Бұл құжат ресурстарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға, елді мекендер мен экономиканы тұрақты сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су қорын сақтап, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бүгін, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.