Атырау, 19 наурыз 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79

Жайық жағасында ұлттық нақыштағы шеру өтті

Сурет
111 рет қаралды

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні Атырау қаласында Ұлттық киім күні аталып өтті. Қала көшелерінде ұлттық нақыштағы киім киген тұрғындар Сұлтан Бейбарыс даңғылынан бастап Исатай мен Махамбет алаңына дейін жүріп өтті.

Қала әкімінің орынбасары Ердоc Әбдісаттаровтың айтуынша, шараның мақсаты – ұлттық киім мәдениетін насихаттап, басқа өңірлерге үлгі ету. Шеруге қала тұрғындары мен қонақтары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер және түрлі ұйым өкілдері қатысты.

Мерекелік шараға шамамен 5 мың адам қатысып, қазақ халқының дәстүрі мен мәдени мұрасына құрметін білдірді.

Қала тұрғыны Альбина Жүнісова: «Отбасымызбен бірге келдік. Балалар қазақы бояуды сезінсін дедім. Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру – біздің міндетіміз», – деді.

Ал Гүлсім Жақсылықова: «Осындай шаралар халықты біріктіре түсетіні қуантады. Өшкеніміз қайта жаңғырып келе жатқанын мақтан етеміз. Елімізде бейбітшілік пен келісім болсын», – деп пікір білдірді.

Шеру Исатай мен Махамбет алаңында аяқталып, жергілікті өнерпаздар мен эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты. Бұл шара Атырауда үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бүгін, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.