Атырау, 19 наурыз 11:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79

Екібастұз моноқалалар қатарынан шығып, жаңа экономикалық белеске көтерілді

67 рет қаралды
Сурет: YouTube
Сурет: YouTube

Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды. Бұл туралы бұйрыққа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қол қойды.  

Тізбені жаңарту шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.

Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.

Халықты жұмыспен қамту экономиканың бірнеше секторы арасында бөлінген. Бұл бір қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктің төмендеуін және монофункционалдылық белгінің жоғалуын көрсетеді. Осыған байланысты, оң әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, Екібастұзды моноқалалар тізбесінен шығару туралы шешім қабылданды.

Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. 

Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған. Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші. Оны әртараптандырудың, кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Саран қаласы дәл осындай трансформация жолынан өткен болатын. Президент бұл тәжірибені бүкіл республика бойынша таратуды тапсырды.

Бүгін, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.