Атырау, 18 наурыз 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

​Депутат «Болашақ» қаражатын қайтару ережесін өзгертуді ұсынды

63 рет қаралды

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Болашақ» бағдарламасы бойынша міндеттемелерін орындамаған стипендиаттардан қаражатты қайтару тәртібін қайта қарауды ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат. 

Депутаттың айтуынша, қазіргі қолданыстағы ережеге сәйкес, гранттан айырылған жағдайда мемлекетке тек нақты жұмсалған қаражат қайтарылады. Алайда бұл жүйе инфляцияны және ақшаның уақыттық құнын ескермейді.

Оның мәліметінше, шетел валютасындағы инфляция жылына орта есеппен 3% болғанның өзінде, 5–10 жыл ішінде қаражаттың нақты құны 15–30%-ға дейін төмендейді. Мысалы, мемлекет 100 мың доллар жұмсаған жағдайда, 10 жылдан кейін оның баламалы құны шамамен 134 мың долларға жетеді. Ал индексациясыз қайтарылған қаражат бюджетке шығын әкеледі.

Магеррам Магеррамовтың айтуынша, оқу құны жоғарылаған сайын бюджет шығыны да артады. Егер бір стипендиатқа жұмсалған қаржы 150–200 мың доллар болса, мемлекет бір адамнан 50–70 мың доллар көлемінде ықтимал шығынға ұшырауы мүмкін.

Осыған байланысты депутат қаражатты қайтару кезінде индексация тетігін енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл тәсіл бюджет қаржысының нақты құнын сақтауға, стипендиаттардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Болашақ бағдарламасы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде мыңдаған қазақстандыққа шетелдің жетекші университеттерінде білім алуға жол ашқан.

Бүгін, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.