Атырау, 18 наурыз 20:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

Парагвай да МЕРКОСУР келісімін мақұлдады

84 рет қаралды

Парагвай Еуропалық одақпен жасалған сауда келісімін ратификациялаған соңғы оңтүстік америкалық мемлекет болды. Бұл құжаттың күшіне енуі әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құруға жол ашады, деп хабарлады Еuronews.

17 наурызда Асунсьондағы парламент келісімге қосылу туралы ұсынысты басым дауыспен қолдады.

«Оқшаулануды күшейтудің орнына біз көпжақты тәсілді таңдадық», – деп түсіндірді шешімін центрист Рауль Бенитес.

Бұл қадамнан кейін әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 20%-ын қамтитын ең ірі еркін сауда аймағын құру үшін Еуропарламенттің мақұлдауы ғана жеткілікті.

Венгрия үкіметі фермерлердің мүдделерін алға тартып, келісімге қатты қарсы болғанымен, қаңтарда ЕО-ға мүше елдер ақыры МЕРКОСУР келісіміне «жасыл жарық» берді. Еуропалық одақ бұл арқылы Қытай және АҚШ-пен бәсекелестікте өз бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруге үміттенеді.

Бүгін, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.