Атырау, 18 сәуір 23:42
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Бекназаров бұл жолы заңды бұзса, қуана қолдаймын». «”Топольдан” соң Сарышаған тағы назарға ілінді». «Оңтүстік Осетияны тікенек сыммен қоршап жатыр». «“Маған қызметтен кету – трагедия емес”». «Салық дауы кімнің кім екенін көрсетіп берді».

1 690 просмотра

ZHASALASH.KZ  «Бекназаров бұл жолы заңды бұзса, қуана қолдаймын» - Жоғарғы сот Владислав Челахтың iсiн қайта қарайтын арнайы комиссия құруы мүмкiн.

AZATTYQ.ORG  «”Топольдан” соң Сарышаған тағы назарға ілінді» - Кейбір ресейліктер «Сарышаған» полигонындағы нысанаға атылған «Тополь» баллистикалық зымыранын «метеорит» деп қабылдаса, қазақстандық белсенділер бұл сынақты «қорлық» деп бағалайды.

«"Роскосмос" басшысы ауысты» - Ресейдің ғарыш агенттігі - "Роскосмостың" басшысы қызметіне генерал-полковник Олег Остапенко тағайындалды деп хабарлады мекеменің ресми сайты.

«Оңтүстік Осетияны тікенек сыммен қоршап жатыр» - Грузияның Ресей әскері бақылауына өткен Оңтүстік Осетия ауданында тікенек сыммен шекара тартылып жатыр. Ал Тбилиси жер дауы қайта ушықса деп әскери дайындығын қамдап отыр.

MAIDAN.KZ. «“Маған қызметтен кету – трагедия емес”» - Бір кездері төрағалықты атқарған Мәжіліс депутаты Орал Мұхамеджанов соңғы кездері неге үнсіз?

«Қазақсыз Қазақстан» - Енді жалпы жұртқа белгілі, аз-мұз сауаты бар, тым құрыса жарым-жартылай көзі ашық кез келген қазаққа мағлұм бүгінгі ахуалдың ең көрнекі, негізгі жағдаяттарын еске түсіре кетейік.

HALYKSOZI.KZ.  «Келімбетов Марченко құсап мысқылдап келіп, мысқылдап кете алмас...» - Келімбетовке енді саяси тапсырыс орындамасын десеңіз де орындайды. Тек ол тәуелсіздігімізді нығайта түсетіндей тапсырыс болса екен деп тілейік. Ел болашағына жаманшылық ойлап отырған ешкім жоқ.

«Салық дауы кімнің кім екенін көрсетіп берді» - Алғашында шикілігі көп құжат деп менсінбей бірнеше мәрте  кері қайтарған төменгі палата депутаттары ақыры райынан қайтып, бірінші оқылымда мақұлдап, бармақтарын басып, екінші оқылымға жіберді.

AIKYN.KZ  «Девальвация болмайды» - Ұлттық банктің жаңа басшылығы теңгенің қазіргі күйін «тұрақты» санайды. Бүгінде ұлттық валютаның бағамы 1 доллар үшін 155 теңгеге барып қалғаны белгілі.

«“Көкжайлау”халыққа не береді?» -  Қазірде курорттың жобасы дайындалуда. Үлкен Алматы көлі, Көкжайлау беткейі мен Құмкөл асуы аумағында салынатын демалыс орнының құрылысы 2016 жылы аяқталуы тиіс деп жоспарланған.

ALASHAINASY.KZ. «Балқаш көлін құрдымға кетірмек пе?» - Балқаш көлі болжам бойынша 2045 жылы 60 пайызға дейін тартылып қалуы әбден мүмкін.

«Қор биржаларын біріктіру идеясы тиімді бола ма?» - ТМД елдері арасындағы биржа алаңдарының бірігуі қазіргі кезде келешегі бар жоба ретінде қарастырылады.

TURKYSTAN.KZ.  «Байқоңырда бөтен ел билік құрады, ал Қазақстан өтемақы да талап ете алар емес» - Жоғарыдан берілген тапсырма солай ма, жоқ әлде «Протонның» ызасы өтті ме, біраз депутаттар Ресейде кеткен өшін Нұрлан Қаппаровтан алуды жөн көрді.

«Қорғаныс саласындағы қорқаулар» - Қазақ қоғамында жемқорлыққа қарсы күрес күшейген сайын заң бұзатындар саны артқан сияқты.

 

 

 

 

 

 

12 қазан 2013, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.