Атырау, 18 наурыз 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

Қазақстандықтар биыл бір күнге аз демалады

101 рет қаралды

Қазақстанда 2026 жылдың 30 тамызында демалыс күні болмайды.

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі, сондықтан бұрынғы дата мереке мәртебесінен айырылады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы салтанатты шарада 15 наурызды мемлекеттік мереке — Конституция күні деп жариялаған болатын. Жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл ережелер Конституцияны іске асыру шаралары туралы жарлықта да көрсетілген.

Осылайша, 2026 жылы қазақстандықтар 30 тамызда демалмайды. Бұған дейін заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін 30 тамыз мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып қала береді деп хабарланған еді.

Бүгін, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.